Жұма, 17 мамыр, 09:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Кім айтты кітап оқымайды деп?

05.11.2022

1475 0

Кітап оқитындар саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Бұл жаңалық көңілге қуаныш ұялатты. Иә, кітап оқитындар көбейіп келеді екен. Осы да жаңалық па дерсіз? Цифрлы әлемде өмір сүріп жатқан тұрғындар үшін құндылық дегенің алақандағы смартфон ішінде секілді сезілген заманда бұл жаңалық екені даусыз. Елімізде кітап оқитындар, оның ішінде кітапханаға барып, кітапты қолына алып оқитындар көбейген. «Ranking kz» сайты өткен жылы кітапханаға бас сұққандардың көбейгенін рекордтық көрсеткіш деп бағалапты.

Бұл жаңалықты жариялаған сайт та таңданысын жасыра алмапты. «Бүгінгі уақытта кітапханаға студенттер мен мәдениет қызметкерлері ғана келеді деген түсінік қалыптасқан» деп жазады. Өркениеттің ор­дасы саналатын кітапханаға соңғы жылдары санаулы  адам ғана бас сұғатыны үйреншікті көрініске айналған. Ал бүгін ше? Сандарды сөйлетіп көрелік. Цифрлық медиа талабымен электронды кітаптар қатары көбейгендіктен кітапханаға барушылар саны сиреген.

Соңғы 26 жылда елімізде кітапханалар саны 7352-ден-3920-ға дейін қысқарды. Алайда кітапхана саны азайғанмен, кітап­ханаға баратындар қатары азайған жоқ. Кітапханалар үшін 1999 жыл сәтсіз жыл болды. Бұл жылы республика бойынша кітапханаға баратындар саны 2,6 млн адам ғана болған. Алайда бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп, бүгінде кітапханаға келушілер саны 6 млн-ға жеткен. Оның ішінде 34,6 пайызы (2,1 млн-ы) кітапхананың интернет-ресурсын пай­даланатындар.

Демек, халық кітап оқиды. «Қазір ешкім бұрынғыдай кітап оқымайды» деген бекер сөз.

Гүлмира МАҒЛҰМҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: