Сейсенбі, 07 мамыр, 01:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Кішкентай оны демеңіз: кенеден келер қауіп көп

03.05.2023

743 0

Қала әкімі А.Шәменовтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.    Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі  алғашқы мәселе бойынша қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қойшыбай Жүсіпов  баяндама жасады. Ол көктемгі дала жұмыстарына тоқталды.

Оның айтуынша,  биыл 9 036 гектарға егін егу жопарланған. Оның 3 610 гектарын күріш, 107 гек­тарын дәнді дақыл, 500 гектарын картоп, 1 330 гектарын көкөніс, 990 гектарын бақша, 2 499 гек­тарын мал азықтық дақыл құрайды.

Бүгінде ерте көктемде егілетін ауыл шаруашы­лығы дақылын егу жұмысы аяқталған.  1849 гектарға ескі жоңышқа, 341 гектарға жаңа жоңышқа, 119 гек­тарға жаздық бидай, 75 гектарға қант құмайы егілген. Арналар  тазаланып, гидротехникалық құрылыстар, гидробекеттер толығымен жөндеуден өткізілген. Су тапшылығының алдын алу мақсатына 24 дана СНП-500 насос қондырғысы пайдаланылмақ.   Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 148 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда.

– Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қала тұр­ғындары өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қосымша жерлер дайындап беру тапсырмасына сәйкес, Қарауылтөбе ауылдық округінен  10 гектар жер маусымдық кезеңге беру туралы жоспарланып, бүгінгі күнге 76 қала тұр­ғыны қызығушылық танытуда. Өтінім қабылдау жұмыстары жалғасуда, – деді бөлім басшысы.

Мұнан соң   Қызылорда қаласының әлеуметтік-эко­номикалық дамуының 2023 жылғы І тоқсандағы қорытындылары туралы қалалық экономика және қаржы  бөлімінің басшысы Гүлнар  Баймаханованың  хабарламасы тыңдалды.

Бөлім басшысының баяндауынша, ұлттық статистика бюросының мәліме­тіне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 91,9 пайызды құраған. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы өндірілген өнім өткен жыл­дың салыстырмалы кезеңімен 20,9 пайыз­ға артқан. Ауыл шаруашылығы өні­мінің көлемі 2023 жылдың қаңтар – нау­рыз айларындағы өнімнің нақты кө­лемі өткен жылдың салыстырмалы ке­зеңімен 104,6 пайызды құраған.

– 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында субсидиялау бағыты бойынша жыл басынан бері  44 жоба, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру бағыты бойынша 95, нәтижелі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарыл­ған  қаражат есебінен және «Іскер» бағдарламасы бойынша – 10, «Қызыл­орда  өңірлік инвестициялық орталығы арқылы – 48 жоба қолдау тапқан. «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау бойынша шағын кредиттер беру» бюджеттік бағ­дарламасы аясында 2023 жылға 3 млрд  теңге  бөлінді, – деді баяндамашы. 

Мұнан соң Конго-Қырым геморра­гиялық қызбасы  бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы қалалық  сани­тариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының  басшысы  Ерлан Ұзақбаев баяндады.

Қызылорда қаласының әкімшілік аумағы – аса қауіпті  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы. Оған дәлел соңғы 3 жылда аурушаңдық тіркелген және соңғы 2 жылда «оң» нәтижелі кенелер анық­талған 11 елді мекен есепке алынды. Олардың қатарында  қалаға қарасты «КБИ» аймағы, Аэрофлот саяжайы, Тасбөгет кенті, Белкөл кенті «Көкжиде» аймағы, Абай, Баймұрат батыр, Досан, Ж.Махамбетов, Иіркөл, Қарауылтөбе, Талсуат елді мекендері және Қараөзек станциясы. Кезекті эпидемиялық мау­сымда аурушаңдықтың алдын алу  мақ­сатында «Қызылорда қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы­ның алдын алу бойынша сани­тар­лық-эпидемияға қарсы, санитар­лық-про­филактикалық іс-шараларды ұйым­­дастыру және жүргізу жөніндегі жос­­пары  қала әкімінің қаулысымен бекі­тілді.

Кезекті эпидемиялық маусымда кенеге қарсы дезинсекция жұмыстары алдында жүргізілген энтомологиялық барлау барысында қолайсыз аймақтарда барлығы – 1613,  табиғаттан – 1110 және мал басынан – 230 және елді мекеннен – 273.  Жиналған 710 кенені зертханалық зерттеуде серопозитивті кене анықталған жоқ. 

Жұмысшы топ Қызылорда қаласы бойынша 11 қолайсыз аймақтың са­нитариялық-қорғаныш белдеулерінде, буферлік аймақтарында және мал қора-жайында кенеге қарсы өңдеу жұмысының сапалы және тиімді ұйым­дастыру мақсатында механикалық тазалау жұмыстарына мониторинг және халық арасында насихаттау шаралары жүргізілді. Мониторинг барысында қора-жайларға механикалық тазалау жұмысының толық жүргізілмегендігі және жиналған көң-қилар қорадан шығарылмағандығы анықталды. Мал бастарына кенеге қарсы дезинсекция жасатудан бас тартқан жағдайлар да орын алды.

Қызылорда қаласына қарасты бар­лық кент және ауыл округтеріндегі 9 мал тоғыту ваннасының жұмысы 2020 жылдан бастап іске қосылмаған. Мониторинг жүргізу барысында Ақ­жарма ауылдық округінде тоғыту ваннасының жағдайы санитарлық-ве­теринарлық талаптарға сәйкес емес­тігі  анықталды. Тоғыту ванна кабыр­ғаларының сылақтары құлаған және  көтеріліп, жарамсыз жағдайға жеткен.

Жылдың эпидемиялық мерзімі басталғалы бері қалада кенеден зардап шегіп, 74 адам медициналық көмекке жүгінді. Кене шағудың дерегі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7 есеге көбейген.  Атап айтқанда, елді мекендер бойынша Қызылжармада 4, Ж. Махамбетовте  3, Тасбөгетте  7, Белкөлде 1 және қала аймағы бойынша  59 адам кене шақты деп шағымданған. 

Қызылорда қаласында орналасқан барлық емдеу-сауықтыру мекемелері тарапынан КҚГҚ ауруының алдын алуда барлығы – 63 лекция, 3 радиолекция және 180 әңгіме оқылды. Сондай-ақ 50 санбюллетень шығарылып, 1500 үнпарақ және 700  плакат  таратылды, – деді басқарма басшысы

Күн тәрбіне қойылған мәселе Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қалалық жұмылдыру дайын­дығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы Ғ.Қайназаровтың хабарламасы тыңдалды.  Оның айтуынша,  қала ау­мағындағы саяжайларға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтану, кене шағу қаупінің алдын алу, кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну бағытында түсіндірме жұмысы жүргізіліп, үн­парақша таратылған.

2023 жылы Қызылорда қаласы аума­ғында қауіпті деп танылған 11 аймаққа залалсыздандыру жұ­мысы жүргізілген. Өткен жылы кене шағудан адам өлімі орын алуына байланысты ПМК-29 саяжайы  қауіпті аймақ тізбесіне қосылған.

Осы орайда қалаға қарасты барлық кент және ауылдық округтердегі 9 мал тоғыту ваннасының жұмысы 2020 жылдан бастап іске қосылмаған және қолайсыз аймақтар қатарындағы кент және ауылдық округтер бойынша  уақ мал тоғыту ваннасында кенеге қарсы өңдеу жұмысына дезинсекциялық пре­параттар қарастырылмаған.

Сонымен қатар, Ақжарма ауылдық округінде тоғыту ваннасының қабырға­ларының тозығы жетіп, жағдайы сани­тарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес еместігі  анықталып отыр. 

Осы ретте анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ауылдық округ әкім­деріне тиісті тапсырма беруіңізді сұраймын, – деді бөлім басшысы.

Жоғарыда аталған шаралардың және кенеге қарсы дезинсекция жұмыс­тарының толық қамтылуы ауылдық округ әкімдігі өкілдерінің қатысуымен облыстық ветеринария басқармасы, қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қор­ғау органдарымен байланыс бөлімі мамандарынан құрылған жұмысшы топпен бірлесіп тексеріліп отырғандығы айтылды.

Жиын соңында қала әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Г.ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: