Сәрсенбі, 04 наурыз, 18:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға әлеуметтік қолдау артты

04.03.2026

62 0

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өсті. Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Асқар Аймағанбетов хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Жәрдемақы мөлшері отбасыдағы балалардың санына және марапат мәртебесіне байланысты белгіленеді. Мәселен, төрт балаға – 69 330 теңге, бес балаға – 86 673 теңге, ал жеті балаға – 121 360 теңге төленеді, – деді Асқар Аймағанбетов.

Сонымен қатар «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арнайы жәрдемақы қарастырылған. Оның мөлшері 27 680-32 005 теңге аралығында болады.

– Бұл шаралар отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, көпбалалы аналардың еңбегін қолдауға бағытталған, – деп толықтырды департамент қызметкері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: