Жұма, 11 қазан, 20:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Курск шайқасының қаһарманы

07.05.2021

2504 0

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына биыл 76 жыл толды. Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды.

Бүгінде Сыр өңірінде ерлік пен өрліктің белгісіндей санаулы ғана Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Соның бірі – Әбдірахман Бәйтіков. Мереке қарсаңында Отан үшін от кешкен майдангерге сәлем беріп, өткен күннің естелігі жайлы әңгіме өрбіттік.

1943 жылдың жазында болған Курск түбіндегі майдан Екінші дүниежүзілік соғыста орын алған ең қанды шайқас ретінде тарихта қалды. Онда екі жақтың броньды әскери техникасы сынға түсіп, сан мыңдаған адам оққа ұшты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. Курск майданында қызылордалық Әбдірахман Бәйтіков те болып, ерлігімен, қайрсалығымен көзге түсті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірахман Бәйтіков қан майданға аттанғанда небәрі 18 жасар бозбала еді. Бүгінде 98-ші көктемін қарсы алған шежіре кеуде қария сұм соғыс туралы естеліктерін толқыныспен жеткізді. 1942 жылы Ашхабад жеріне армияға аттанған сарбаз алдымен офицерлер дайындайтын курстан өтеді. 1943 жылы майдан даласына барып, Курск шайқасына қатысқан. Иығына танкіге қарсы оқ жаудырар қаруды асынған сарбаз майдандастарымен бірге немістердің шабуылына қарсы шықты. Шегініссіз алға басқан жауынгерлердің дені оққа ұшты. Жау тұтқиылынан жараланғандар да баршылық.

– Таң алдында біздің дивизияға неміс басқыншылары шабуыл жасады. Оқтың даусына етіміз үйреніп кеткен. Одан қорқу, қашу жоқ. Бір ғана мақсат жеңіске жету. Соғыс кезінде әрбір жас сарбаздың бойында осындай сезім жүрді. Олар тек майданда жеңіске жетуді тіледі. Елге аман-есен оралып, Отансүйгіштік қасиетімізді болашақ ұрпаққа мақтан ету – басты қағидамыз. Алайда осы шабуылда қолымнан жарақат алып, госпитальға түстім. Сүйегім аман екен, тек тамырлары қиылып кеткен. Содан қолыма ота жасалды, – деді қарт майдангер.

Уақыт өз дегенін жасайды. Бұл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Госпитальдан шыққан жаралы сарбазды Новосібір қаласына жіберді. 1943 жылдың желтоқсан айында комиссияға түсіріп, II топ мүгедектігіне байланысты шешім шығарып, елге қайтарады. Соғыс салған ауыр жарақаттан 1944 жылдың басында елге оралды. Туған жерде бейбіт еңбекке араласып, алдыңғы лектен көрінді.

1945 жылдың 9 мамыры… Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі. Соғыс – адамды тәубесіне келтіретін бір белгі ғана. Ол өмірдің өзі. Осы бес әріптен тұратын суық сөзді есту өте ауыр. Әбдірахман ақсақалмен дидарласқан сәтте майдангерлердің осы бейбіт күнді, тату өмірді, ашық аспанды, тәуелсізсіздікті сыйлағанын жете түсіндік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: