Қалалық парк аумағында Наурызнама онкүндігі аясында «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай ұйымдастырылған «Санамызды сергіткен салт-дәстүрім – Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.
Шара барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен дәріптелді.
Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыратын осындай игі шаралар жалғасын таба бермек.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
