Сейсенбі, 17 ақпан, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Мектептерде қауіпсіздікті күзет ұйымдары қамтамасыз етеді – ІІМ өкілі

17.02.2026

55 0

Фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мектептерде қаруды алып кіруге байланысты жағдайға қатысты мәлімдеме Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов жасады, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Бұл мәселе бірінші кезекте Оқу-ағарту министрлігінің қарауында, яғни мектептерде қаруды және кесетін заттарды алып кіруге жол бермеу шараларын қамтамасыз ету – олардың құзыретінде. Біз өз тарапымыздан, Ішкі істер министрлігі ретінде, бұл процестің қалай жүзеге асырылуы тиіс екенін ұсындық, – деді спикер. 

Ғалым Сарғұлов атап өткендей, мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзеттік ұйымдармен жұмыс ұйымдастырылған. Қызметкерлер қалай әрекет ету керегін бірнеше рет нұсқаулықтармен түсіндірді, жиналыстар өткізілді. Алайда, бұл мәселеде шешуші рөл мектеп директорларына тиесілі. Олар қандай күзет ұйымын жалдайтынын, келісімшарттың шарттарын, нормаларды және ережелерді өздері белгілейді. 

– Осыған қарамастан, мектептердегі қылмыстық жағдайлар төмендеген. Егер, мысалы, 2001 жылы кәмелетке толмағандардың қатысуымен 8 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 2 400-ге дейін төмендеді. Олардың ішінде мектеп ішінде тіркелген қылмыстар саны – бар-жоғы 34, – деді Ғалым Сарғұлов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: