Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметкерлердің ас мәзіріне балық міндетті тағам ретінде енгізілмек

15.11.2022

1234 0

Экология министрі Серікқали Брекешев білім, денсаулық, мемлекеттік ұйымдар, ішкі істер, қарулы күштер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тамақтану рационына балық қосуды ұсынды. Министр осылайша балық өнімдерін өткізу мәселесін заңнамалық деңгейде шешпек, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Серікқали Брекешев балық өнімдерін тек отандық өндірушілерден сатып алу қажет дейді. Әрі министр қазақстандықтардың балықты аз тұтынатыны да алаңдатынын айтады.

“Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кемінде 16 килограмм балық өнімдерін тұтынуды ұсынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 килограммнан аз, оны жоғарыда атап өткенімдей арттыру қажет. Өз кезегінде көршілес Ресей мен Қытайда бір адам сәйкесінше 23 және 43 килограмм тұтынады. Осылайша, көрші елдердің шекаралас аудандарын ескере отырып, балық өнімдерін экспорттау үшін әлеуетті ниша 3 миллион тоннадан астам болуы мүмкін”, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев .

Одан бөлек енді елде заңсыз балық аулағандар он бес тәулікке қамалады. Экология министрі браконьерлерге айыппұлды жиырмадан елу айлық есептік көрсеткішке дейін көтеруді ұсынды. Егер айыппұл салынған азаматтар бір жыл ішінде тағы да заң бұзса, онда он бес тәулікке әкімшілік қамауға алу керек дейді. Сондай-ақ министр салқындатылған және мұздатылған балықты экспорттауға тыйым салу мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Серікқали Брекешев алдағы үш жылда инспекцияларды толық жарақтандыруға және браконьерлікпен күресу үшін қосымша сегіз миллиард теңге қажет дейді. Министр саладағы маман тапшылығына да тоқталды. Ол «балық шаруашылығы» мамандығын оқыған жастарды осы салада үш жыл жұмыс істеуге міндеттеу керек деді. Айта кетейік, елімізде жыл сайын бұл мамандыққа мемлекеттен жүз грант бөлінеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: