Жұма, 19 сәуiр, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Кәмелет жасқа толмаған азаматқа әлеуметтік-көмек көрсетілді

17.03.2022

955 0

Сотқа дейiнгi пробация кәмелеттiк жасқа толмағандар, зейнет жасындағы әйелдер, жүктi әйелдер, мүгедектер, зейнет жасындағы ер адамдар, үш жасқа дейiнгi баласын жалғыз асырап отырған ер адамдарға қатысты қолданылады.

Жуырда Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан  қалалық пробация қызметіне   кәмелет жасқа толмаған екі азаматқа олардың мiнез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік-  құқықтық көмек көрсету туралы өтініш түскен.

Аталған кәмелет жасқа толмаған азаматтар  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті деп танылған .

Қызылорда қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Н.Есенжолова  кәмелет жасқа толмаған екі азаматқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына сәйкес әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын  толтырды.

 Одан соң  оларды  заңды өкілдерімен бірге қалалық  Жастар ресустық орталығына  алып барып, психологтың қабылдауында болды. Пробация инспекторы  Нүргүл Есенжолова екі жасөспірімге әлеуметтік-құқықтық көрсетуімен қатар, оларды  орталық жанынан ашылған   спорт секциясына қатысуына ықпал жасады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: