Жұма, 29 қараша, 04:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Монша кешендеріне барған кезде не нәрсеге назар аудару керек?

24.11.2023

415 0

Монша кешендеріне барған кезде не нәрсеге назар аудару керек?

Моншалар мен сауналар – халық өте жиі баратын орындардың бірі. Әсіресе жаз маусымында көп барады. Адамдар мұнда бу қабылдауға, бассейнде жүзуге, SPA рәсімдерін алуға, демалуға барады.

         Моншалар мен хауыздарға қойылатын бірқатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бар:

– монша және хауыз үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, киім ауыстыратын бөлмелер, санитарлық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді;

– моншаларда қосымша орындар болған жағдайда, шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі;

– бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді;

– терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді;

– жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады, ағаш легендер қолдануға жол берілмейді;

– моншалар мен хауыздарда жеке қолданыстағы және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады;

– моншалар мен хауыздардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмеуі тиіс;

– әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді, дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі;

– күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі;

– бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен хауыздардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Моншадағы косметикалық кабинеттерде келесі косметикалық қызметтерді көрсетуге рұқсат етіледі:

– бет пен мойынның гигиеналық массажы;

– тері ауруларымен асқынбаған бетті гигиеналық тазарту;

– қастар мен кірпіктерді бояу;

– жасанды кірпіктерді өсіру;

– қастың эпиляциясы;

– макияж;

– маникюр;

– педикюр;

– пилинг.

Келушілерге қызмет көрсету үшін бір реттік қолдану заттары пайдаланылады. Таза заттар қоры (сүлгілер, майлықтар, жаймалар және басқалар) қамтамасыз етіледі.

Қызылорда облысының санитриялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті моншаға барған кезде жағымды көңіл-күйде болу және денсаулығыңызға зиян келтірмеу үшін монша кешендерінің жоғарыда аталған қағидаларды сақтауына назар аударуды ұсынады.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: