Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мұғалім оқушыларға теріс ағымды насихаттаған

28.07.2023

1169 0

Петропавл мектептерінің бірінде мұғалім оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған. Тінту кезінде мұғалімнің жеке заттарының арасынан діни бағыттағы оқулықтар тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әбу Досмағанбетов атындағы мектеп интернатындағы ағылшын тілі мұғалімінің атына белгісіз біреуден шағым түсіп, сала мамандары мектепті бақылауға алған. Белгілі болғандай 28 жастағы ұстаз 11-сынып оқушыларына тәрбие сағатында діни сабақтар жүргізген. Ал жиындарды әдейі бейнекамерадан тыс жерлерде ұйымдастырып отырған. Құзырлы органдар ескертусіз келіп, осындай сабақтардың біріне тап болған. Тінту кезінде мұғалімнің жеке заттарының арасынан діни бағыттағы оқулықтар тәркіленді. Аталған мұғалім бұл әрекеті үшін тек айыппұлмен ғана жазаланды. Ал қоластындағы қызметкерлердің ісінен бейхабар болып шыққан мектеп директоры ағылшын тілі мұғалімінің әзірге жұмыстан шығарылмағанын хабарлады.

“Мұғалім ретінде осы үш жылда ешқандай теріс әрекет байқалған жоқ. Бәрі мұғалімнің артынан қалай жүресіздер. Ол кісі қазір еңбек демалысында. Келгеннен кейін педагогиканың этика комиссиясына салып, жұмыстан шығарамыз”,- деді Ә.Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернатының директоры Ержанат Бакиров.

Миссионерлік қызметтің жүзеге асырылу фактісін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері анықтаған. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.

“Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», – дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: