Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Шиелідегі шарулармен кездесті

19.03.2022

819 0

Елді-мекендерді аралау барысында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шиеліде егін егу және мал басын аман сақтау мәселесіне қатысы өзекті ұсыныстарды арнайы жиында талқылады.

Жиында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков азық-түлік қорын көбейту және өнімдердің импортын азайту мақсатында биыл күтілетін су тапшылығы салдарынанан дәнді дақылдар үлесін 2731 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 310 гектарға ұлғайтуды көздеп отырғанын, тамшылатып суғару әдісімен суды үнемдеу мақсатында
150 гектар жерді пайдалану жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ, техникаларды даярлау, мал басын көбейту жұмыстарына қатысты негізгі мәселелерді ортаға салды.

Мұнан соң, сала мамандары өз баяндамалары арқылы шаруаларға егінге қажетті судың болжамды көлемі, көлдер жүйесін суландыру, егін егу жұмыстарына дайындық барысын тілге тиек етті.
Бүгінде ауданға қарасты 48 канал болса, оның 28-і облыстың коммуналдық меншігіне қайтарылған. Аталған каналдарды тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Егінге қажетті суды үйлестіру үшін былтыр 57,6 млн.теңгеге 6 насос қондырғысы сатып алынған. Ал, биыл 15 насос қондырғысы елді мекендерді қажетті аяқ сумен қамтуға септігін тигізбек.

Жиында өңір басшысы еткен еңбек еш кетпес үшін нақты іс-шара жоспарын қабылдап, жағдайға байланысты әрекет ету керектігін айтты.

Су тапшылығы биыл да байқалады. Су көлемінің аздығына байланысты нақты әрекетке көшпесек, тыңайтқыштар мен себілген тұқым зая кетуі мүмкін. Мал азығына қажетті жоңышқа егу мәселесіне де мән берген дұрыс. Қазір аудан әкімдігі мен шаруалар тиімділік жағын бірлесіп саралауы керек. Яғни кімге мал азығы қажет, қай шаруашылық тиімді бағада азықты сата алатынын нақты жоспарын белгілеуі қажет. Ал күріш көлемін қысқарту жөнінде айдың аяғына дейін белгіленген лимитті қарап, су беру кестесін жасап алу керек. Мәселен, былтыр осы уақытта Көксарайда 2 млрд.текше метрге жуық су болды. Ал биыл ондай су көлемі жиналмау қаупі бар, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жиында «Төңкеріс-К», «Бестам-елі», «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығының өкілдері өз ұсыныстарын жеткізіп, көкейде жүрген сауалдарын ортаға салды.

Өз кезегінде облыс әкімі биылғы су деңгейінің төмен көлемде түскенін ескеріп, шекті мөлшердегі лимитке қарай әрекет ету, төрт-түлік малға қажетті жем шөпті уақытылы жеткізу және егіс барысында суды аз қажет ететін өнімдерге мән беру қажеттігін еске салды. Сондай-ақ, ветеринар мамандардың ауыл-ауылдарды аралап, көмек көрсету және субсидия беру мәселесінде заңдылықты түсіндіру керек екендігін ескертті.

Облыс әкімі Шиелідегі шарулармен кездесті
Облыс әкімі Шиелідегі шарулармен кездесті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: