Сәрсенбі, 08 мамыр, 18:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ғылыми-сарапшылық топтың отырысы өтті

15.03.2023

637 0

Достық үйінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми – сарапшылық топтың отырысы өтті. Отырысқа ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Айтжан Оразбақов, топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы талқыланды. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің философия ғылымдарының докторы, профессор, Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Баймырза Қожамберлиев және «Сыр бойына депортацияланған халық өкілдері өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі» тақырыбында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы Дәулет Омаровтың баяндамасы тыңдалды.

Топ құрамы мүшелерімен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кездесу қорытындыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: