Сенбі, 04 мамыр, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Өмірбек Шәменов: Бұл апатты да жеңеміз

06.04.2024

592 0

Елде болып жатқан су тасқынына байланысты күрделі жағдай бүгінде иісі қазақты алаңдатып отырғаны рас. Алайда Мемлекет басшысының шұғыл әрекетімен, төтенше жағдай мамандарының қарқынды қимылымен табиғи апатқа қарсы тәулік бойы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Баспаналарынан айырылған тұрғындарға психологиялық, гуманитарлық көмектер көрсетілуде. Ел дағдарысқа ұшырағанда Сыр елі де көмек қолын созып, үй тұрмысына қажет керек-жарақтар мен азық-түлікті зардап шеккен тұрғындарға жөнелтуде. Мұның өзі елдегі татулық пен бірліктің көрінісі. Қилы қиын зар заманды басынан өткерген қазақ халқы бұл қиындықты да еңсереді деген ойдамын. Ең бастысы ел аман, жұрт тыныш болып, іргеміз сөгілмей, бейбітшілік болсын!

Өмірбек Шәменов,

ардагер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: