Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Өзгерістерді қай ғасырда сезінеміз?»: Депутат Нұртөре Жүсіп

28.07.2023

650 0

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Алматының іргесінде тұрған Абай ауылы тұрғындарының жанайқайын жеткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат депутаты Абай облысындағы жол мәселесі туралы Facebook-парақшасында жазды. 

«Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Шаянбаев пен Әлия Молдағұлова көшесінің қиылысы. Бақандай 33 жыл бойы осы ауылды мекен етіппіз. Осы 33 жылда бұл көше асфальт дегенді аңсаумен жатыр! Көршілер боп жиылып тас төсетіп алғанымызға да шүкір! Бәріне шыдаймыз ғой! Көшеге асфальт төселмегеніне, сәл жел тұрса свет өшетіндігіне, судың да сарқылып қалатынына Абай ауылының тұрғындары әбден үйренген», – дейді депутат. 

Нұртөре Жүсіптің сөзінше, көшеде шегелер шашылып жатыр екен. 

Фото: facebook.com/nurtore.jusip

«Осы көшенің бойында 15 минуттың ішінде мына шегелерді жинап алдым. Көлігі жоқтардың ісі ме?! Доңғалақ жамайтындардың «тапсырысы» ма?! Интернет жағынан Жапониядан озып кеткендігіміз бір бөлек тақырып! Сондықтан ол жаққа барыспай-ақ қояйын… «Агломерация туралы» Заң қабылданған. Алматының іргесінде тұрған Абай ауылы әлемдік өркениет көшінен алыста қалған: қанша облыс пен аудан әкімі ауысты, ауыл әкімдері де келді-кетті.., ал жағдай сол күйі. Озған 30 елдің қатарына кірген елміз. Әділетті Қазақстан деген асыл мұрат алда тұр!

33 жылда салынбаған асфальт, Жапониядан мықты интернет, жолға шашылған шегелер мемлекеттің даму барысында әлі де көп түйткіл барын аңғартса керек!.. Ал «Агломерация туралы» Заң қағаз бетінде ғана тұрғандай! «Шамның жарығы түбіне түспейді» дегендей, не Алматы қаласына, не Алматы облысына «қарамайтын» қаладағы іргелес ауылдар нақты өзгерістерді қай ғасырда сезінеді екен?! Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов мырзалардың назарына!», – дейді депутат. 

Еске салайық, бұған дейін 12 мыңнан аса тұрғыны бар Абай ауылының тұрғындары Алматыға жаяу қатынап жүргенін жазған болатынбыз.

Абай Алматының шыға берісіне орналасқан, қалаға тиіп тұрған ауыл. Алайда жартылай қалаға кіріп жатқан ауылдың мәселесі шаш етектен. Соның бірі қоғамдық көлік мәселесі. 12 мыңнан аса халық тұратын Алматының іргесіндегі Абай ауылына бірде-бір қоғамдық көлік қатынамайды. Ауыл шетіне ғана кіретін №11 қоғамдық көлік те біраз күннен бері бағытын өзгерткен. Соның салдарынан қарапайым қараша қалаға такси жалдап қатынауға мәжбүр. Тұрғындар «әкімдікке қанша арыздансақ та, мәселеміз он шақты жылдан бері оңды шешілмей келеді» дейді. «Не қоғамдық көлік жоқ, таксилер кейде аязды күндері болмай қалады. Сондай кезде қалаға жаяу шұбырамыз. Егер енді ауылға қоғамдық көлік кірмейтін болса, жолды жабуға дейін барамыз. Ашынып біттік» деген тұрғындардың мәселесімен Massaget.kz тілшісі танысып келген болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: