Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Он үште отау құрғысы келетіндер көбейді ме?

07.05.2023

915 0

Соңғы кезде кәмелетке толмаған қыздардың заңды некеге тұрмай, отбасын құруы қалыпты жағдайға айналып барады. Жастардың некелік өмірге жасы келмейді. Сондықтан амал жоқ, азаматтық некемен өмір сүруге мәжбүр.  Үйленбейін десе, аяғы ауыр.  Мешітке барып неке қидырайын десе, қазір мешіт заңды некеге тұрған жұптарды ғана қабылдайды. Азаматтық некеге тұру заңды некедегідей жауапкершілік жүктемейді. Алдын ойламай, ажырасып жатқандардың көпшілігі азаматтық некеде тұрғандар. Оған тыйым салу мүмкін болмай тұр. Сондықтан мектеп жасынан қыз баланы дұрыс тәрбиелеуіміз керек.                       

Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы елімізде жас аналарға үлгі болатын көпбалалы, батыр аналарды телеарналар арқылы насихаттауды, сондай-ақ жасөспірім қыздарға болашақта үлгілі келін болуды үйрететін сабақ өткізуді ұсынған еді.

«Қыздарымызға білімді болуды, мансап қууды үйреттік. Ананың бірінші білетіні – рухани дүние болуы керек. Рух деген ол – тіл, ол – тек. Қыздарымызға жоғары сыныпта бесік жырын айтудан, күйеуін күтуден, ата-енесін күтуден сабақ өткізу керек. Қазір бәрі білімге көшіп кеткен, біліммен қоса бізге тәрбие қажет», –  деді ол.

Айта кетейік, ер мен қыз баланың рухты болып жетіліп, жанды, ұлтын сүю қасиеттерді бойына сіңіруде ата-атаның еңбегі өлшеусіз. Бір қыздың намысын бір рулы ел қорғаған. Өткен тарихымызға үңілсек қыз баланы құрметтеу дәстүрі жоғары болғандығын көреміз. Әйелдер ерлерімен бірдей ел қорғау ісіне, мемлекеттік қызметке де араласқан.

Қазақ ұлты қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. Араб тілінен ана тілімізге енген «қыз» сөзінің мағынасы «жібек» деген мәнге ие екендігі белгілі. Демек, әйел затының жібектей жұмсақ мінезді, биязы болуы шарт.

«Қыз баланы 13-15 жасқа толғанша өмірге дайындап, анасы білгенін үйреткен. Отбасылық өмірге ерте бейімделу, әрі ұрпағын қайраты тасыған жас уақытында өмірге икемдеу мақсатын көздейді» дейді тарихшы Құралай Сәрсембина.

Иә, шынында бірінші білімнен бұрын тәрбие өзекті. Тәлім-тәрбиесі мектептен қаланған қыз бала отбасы, ата-анасына ұят келтірмей, ар-намысын қамшылап, барынша иманды, әдепті болады. Сондықтан мектеп жасындағы тәрбиеге барынша мән беріп, кәмелетке аяқ басқан бойжеткендерге ұлағатты аналар тарапынан аналық болмысқа бағдар көрсететін сабақтар өткізілсе,  нұр үстіне нұр болар еді. Бұл мәселе ұлт үшін де, ұрпақ үшін де маңызды. Себебі қыз – болашақ ана. Ұлт пен ұрпақтың тәрбиесі үшін жауапты тұлға.

Сурет ашық дереккөзден алынды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: