Сенбі, 27 сәуiр, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Президент мақаласы Брайль жүйесінде жазылды

12.02.2021

6515 0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарияланған болатын. Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы, І топ көз мүгедегі                         Ақмарал Нүрлиева зағип жандар үшін осы мақаланы брайль қарпінде жазып шықты. Ол өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысы сәйкес осы еңбекті жасағанын айтады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар да ел жаңалықтарынан, мемлекеттің саясатынан хабардар болғысы келеді. Олар да өз хәлдерінше Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлестерін қоспақ ниетте. Сол мақсатта маған Президент мақаласын оқу үшін брайль қарпінде жазуымды өтінді. Мен бұл ұсынысты қуана қабылдадым, – деді Ақмарал Нүрлиева.   

Сондай-ақ арнаулы кітапхана жанындағы дыбыс жазу студиясы мақаланың дыбыстандырылған нұсқасын дайындап, тыңдармандарына ұсынды. Оқырмандар кітапхана қоры құнды дүниелермен толыққанына қуанышты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: