Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Пригожиннің апатқа ұшыраған ұшағында Қазақстанның тумасы болған

27.08.2023

584 0

Апатқа ұшыраған Евгений Пригожиннің ұшағының бортында болған стюардесса Кристина Распопова (Ядревская) Қазақстанда дүниеге келген. Бұл туралы 74.RU басылымы хабарлайды.

39 жастағы Кристина – Челябинск облысы Иманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі . Олардың екеуі де Қазақстанда дүниеге келген.

Кристина кейіннен Мәскеуге кетті.

«Ол мінезді болды. Биік шыңдарды бағындырып, мансап құру үшін Мәскеуге кетті», – деді басылымның сұхбатшысы.

Кейінірек Кристинаның інісі Евгений де Қазақстаннан Челябинск қаласына оқуға кетті. Заң факультетін бітірген, тергеуші болып жұмыс істеген, кейін прокуратураға ауысқан, қазір ол прокурордың орынбасары қызметін атқарады. 

«Олардың жолдары бөлек болды, бірі-бірімен аз сөйлесті, анда-санда ғана қоңырау шалып, жылына бір рет қана кездесті. Кристина ешқашан Челябинскіге келмеген. Евгений әпкесінің Пригожиннің ұшағымен ұшып бара жатқанын білмеді. Оның бақуатты адамдар жалға алатын бизнес-джетте жұмыс істейтінін ғана білген», – деді дереккөз.

Еске салайық, жуырда бортында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин мінген ұшақ Ресейдің Тверь облысында апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 10 адамның барлығы қаза тапты. Ал Кристина борттағы жалғыз әйел болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: