Сәрсенбі, 13 қараша, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қай кезде де таңдау бар

16.05.2024

398 0

Фото: massaget.kz

Мен айналамдағы үлкен-кішіден: «Отыз жылда орда бұзбадық, арабтар секілді қашан өмір сүреміз» деген сөздерді жиі естимін.  Осы және осы тектес өз өмірінің сәтсіздіктеріне тек қана мемлекетті кінәлайтын сөздерден кейде шаршаймын. Меніңше, адамның қалай өмір сүруіне мемлекеттің қатысы жоқ. Біз барлығына өзіміз кінәліміз. Кінәліні сырттан іздеу ешқашан мәселенің шешімі болған емес.

С.Демирель атындағы SDU уни­версититеті ректорының бір кездесуде айтқан сөзі үнемі ойыма орала береді: «Қазір кімнің бай, кімнің кедей екенін білмейсің. Қазір ірілі-ұсақты кафе-мейрамханалардағы даяшыларда мені­кінен жаңа әрі қымбат телефон болуы мүмкін, бірақ олар менің табысымнан он-онбес есе аз ақша табады. Бірақ бізден бай көрінгісі келеді, сөйтіп, біз сатып алып жатқан дүниені олар несиеге ала бастайды. Несие көбейген сайын жұрттан қалмаймын деген оймен қарызға белшесінен  бата береді. Ақырында осының бәріне мемлекетті кінәлай бастайды».

Рас біз, жастар, кейде сатып алып жатқан нәрселеріміз шынымен керек пе, мен осы затқа қаншалықты мұқтажбын деген сауал төңірегінде мүлдем ойланбаймыз. Тек қана жұрт­тан қалғымыз келмейтін жаман қасиетімізді жасырып, бірер сәттік қуанышқа бөленуді ғана ойлайтын сияқтымыз. Егер сатып алған затыңыз сіздің дамуыңызға әсер ететін болса, сол арқылы азды-көпті пайда табатын ойыңыз болса және соны жүйелі жүзеге асыруды бастасаңыз әңгіме мүлдем басқа. Мұндай жағдайда кәсіпке қадам бастаушы адам ретінде сіздің арқаңыздан қағуға болады.

Ешқандай жерде оңай ақша жоқ, бәрі еңбекпен келеді. Бар ойыңыз өзіңіз айналысатын саланың шыңына шығу болса, ешкімге жалынышты болмайсыз, тіпті мемлекет қашан айлығымды көтереді деп те бас қатырмайсыз. Өйткені сіз өзіңіз еңбектенбей ештеңе тегін келмейтінін жақсы білесіз және қандай жағдайда да жалдамалы жұмысшы емес, жұмыс беруші болуға талпыну арқылы сізді түптің түбінде жеңісті де жемісті жолдар күтеді. Мен осыған сенемін.

Саят АСҚАР,

Қорқыт ата атындағы университеттің

ІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: