Сенбі, 04 мамыр, 05:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Ерназаров: Ең бастысы – адам өмірі

06.04.2024

555 0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасады.

Президент жағдайдың өте күрделі болуына қарамастан, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз деді. Ең бастысы – халықтың амандығы екенін атап өтті. Қазіргі кезде бұл жағдайды оңтайлы шешу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын, тікелей бақылауында ұстайтынын баса айтты. Ең бастысы – адам және оның өмірі мен денсаулығы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: “Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі”, – деді.

Президенттің бұл сөздері қиын жағдайға тап болған халыққа демеу болады деген сенімдемін.

Сондай-ақ, “Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажетігін, қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды екенін айтты. Шынымен де, қазіргі уақытта бірігіп, елдігімізді, бірлігімізді көрсету маңызды.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қайрат Ерназаров,
Облыстық мәслихат депутаты,
“ҚХП” Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: