Ішкі істер министрлігі мен Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 20-30 мамыр аралығында Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аймағында «Абайлаңыз балалар» республикалық акциясы аясында қызмет көрсету аумағында темір жолға жақын орналасқан мектеп оқушыларына «Темір жол аса қауіпті аймақ» атты профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында темір жол аумағында балалар жарақатының, темір жол көлік нысанындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және жолын кесу мақсатында темір жолдың қауіпті аймақ болып табылатыны туралы ескертілді.
Сонымен қатар темір жол вокзалы және оған жақын аумаққа ересектердің еріп жүруінсіз жасөспірімдердің өз бетінше жүруге рұқсат етілмейтіндігі айтылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!