Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қаныбек ӘБДУОВ, газеттің 2020 жылғы редакторы: «Бір мақаланың нәтижесі»

16.04.2022

1225 0

«Ақмешіт апталығы» – нарық заманымен бірге жасасып, алғашқы тәуелсіз газет ретінде өзіндік тарихи жолы бар, ескінің көзі, естінің сөзі сақталған үлгісіне сәйкес, шығар­машылық шеберханасы саналды. Сондықтан маған дейінгі бас редакторлар өз деңгейінде қызмет атқарды.

Мен газетке 2020 жылы бас редакторлық еттім. Ең алдымен безен­діруге байланысты барынша күш салдық. Сондай-ақ рубрикаларға назар аудардық. «Қияндағы танымал қан­дастар», «Бет қатталып жатқанда…» тағы басқа да өзгеріс енді.

Журналистік жедел топ құрылып, жаттанды әдеттен аттап, ауыл әкімдеріне ешбір ескертусіз ауыл өмірі туралы жан-жақты мақалалар топтамасы беріліп отырды. Бұл қызық, әрі кез­дейсоқ оқиға болатын. Кейбір ауыл әкімдері реніш білдіріп те жатты. Есесіне, жасандылықтан гөрі таза іс көрсеттік. Бұл басылымның таралымын едәуір еселеді.

Бір күні әлеуметтік дү­кен туралы жазу­ға бет алдық. Әуелі «Құла­гер» шағын ауданынан бастадық. Дүкен алдында кезек күткен тұтынушы бар­шылық екен. Біз тексеруші орган секілді дүкенге кіріп бардық. Сатушы сасқалақтап қалды да тауарлар түрін түсіндіріп бақты. Дәл осы мезет қыз жетектеген бір әйел: «Сіздер нағыз журналист болсаңыздар, менің сұрағым бар. Меніңше барлық тақы­рып газетте көтерілуі тиіс ғой, мына қасымдағы қызым балабақшаға ба­рады. Кішкентай болса да сурет салғанды ұнатады», – деп ұялы телефондағы бірнеше фотоны көрсетті. Мен дереу оны жазып  алдым да келесі нөмірге жариялап жібердім. Осыдан кейін не болды дейсіз ғой, әлгі әйел газетпен байланысты күшейтті. Тіпті өзі қызмет істейтін балабақша қызметкерлері түгелдей «Ақмешіт апталығына» жазылды. Бір мақаланың әсері осындай нәтиже берген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: