Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Омикрон жұқтырғандардың 73 пайызында кездесетін симптом айтылды

24.01.2022

810 0

 Бангладеште омикрон штамын жұқтырғандардың төрттен үші (73 пайызы) мұрын бітелетініне шағымданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бас басқармасының ресми өкілі профессор Назмул Ислам мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, науқастардың 68 пайызында бас ауруы байқалды. Сондай-ақ, 64 пайызы шаршау сезімі барын айтқан. Осы штаммен ауырғандардың кем дегенде 60 пайызы түшкіру немесе тамақ ауруына, ал 44 пайызы жөтелге шағымданды.

«Бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілеріне ұқсайды», – деді маман.

Омикрон штамы немесе B. 1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды.

Мамандардың айтуынша, ол ауырғандарға да, вакцина алғандарға да жұғуы мүмкін. Жаңа нұсқа 110 елде, соның ішінде Қазақстанда да анықталды. Ол алдыңғы дельта штамына қарағанда тезірек таралады.

Пандемия кезінде әлемдегі халық саны көп Бангладеште 1,7 миллионға жуық коронавирус инфекциясы анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: