Сейсенбі, 03 наурыз, 16:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Қарауылтөбе ауылдық округінде атқарылған жұмыстардың есебі

03.03.2026

42 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Округтегі халық саны – 3 000 адам, оның экономикалық белсендісі – 1 304 адам болса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 402 адам.

Өткен жылы бюджет 220,8 млн. теңгені құрап, ол 2024 жылмен салыстырғанда 24,8%-ға артты.

Салық түсімдері 12,8 млн. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 120,7%-ға орындалды.

Oкругте барлығы 136 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 7 млн. теңгелік 1 жоба қолдау тапты.

2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларға 4,7 млн. теңгеге 3 мемлекеттік грант берілді.

2025 жылы 41 отбасына 20,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жыл қорытындысымен 27 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 24 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» курсын 6 адам аяқтап, сертификат алды.

Қойшыбай Жүсіпов

Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің м.а

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: