Сейсенбі, 03 наурыз, 20:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Қармақшылық ардагерлер конституциялық  реформаны талқылады

03.03.2026

49 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін! өңірлік коалициясының бастамасымен Қармақшы ауданының аға буын өкілдерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Ерекше форматта өткен жиынның басты мақсаты – әзірленіп жатқан жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру және ұсынылатын өзгерістердің ел дамуына тигізер ықпалын кеңінен талқылау болды.

Іс-шараға өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, коалиция мүшелері Ержан Искендір мен Садық Мұстафа, аумақтық коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов, сондай-ақ аумақтық коалиция мүшелері Болат Бөгетов, Күлжауһар Раева және Ғалымжан Ақжігітов қатысты.

Кездесу барысында конституциялық жаңғыртудың басым бағыттары жан-жақты сараланды. Атап айтқанда, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, еңбек адамын қолдау және оның қоғамдағы мәртебесін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру мәселелері қаралды.

Спикерлердің айтуынша, бұл бастамалар ауылдық аймақтардың дамуына серпін беріп, инфрақұрылымды жаңартуға, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік жасайды.

Жаңа өзгерістер аясында Конституция деңгейінде бекітілетін кепілдіктер халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін арттыра түседі. Бұл – ашық қоғам қалыптастыруға, билік пен бұқара арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Кездесу барысында ардагерлер өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Ашық диалог алаңы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ортақ ұстаным қалыптастыруға жол ашты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: