Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook әлеуметтік парақшасына «қазақ қыздары тек туыс еркекке тиюі керек» деп үндеу жолдаған ер адамның бейнежазбасын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Бейнежазбада «қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек, тек сол кезде ғана асыл тұқымды текті адам болады» деп айтылған. Кәсіпкердің айтуынша, мұны бабаларымыз естісе құса болар еді.
«Ұрпағының осылай адасып, лағып кететін білсе, бабаларымыз қандай құса болар еді. Бұл Мұхаммед пайғамбардан келе жатқан үрдіс. Бірақ бәрі бірдей белгілі уақытқа дейін бұл ұстанымдарын ашық айта алмайды. Әлі діңкештене қоймаған қазақ қоғамынан қорқақтайды, қарсыластарымызды көбейтіп аламыз ба деп те қорқады… Мұхамеджан Тазабекпен дастархандас болғанда, ол да «Біздің ауылдың жігіттері 30-ға келгенше, анау менің руласым, мынау менің туысым деп үйленбей жүр, ақымақтар, пайғамбарымыздан үлгі алмай ма?!» дегенін өз құлағыммен естіп едім», – деп атап өтті кәсіпкер.
Сондай-ақ, ол осыған қатысты Мұхаммед пайғамдардың отбасын мысалға келтірді.
«Али, Мұхаммедтің немере інісі және күйеу баласы. Мұхаммед, қыздарынан Фатма’ны Али’ге, Умму Гүлсім’ді Осман(қазақша Оспан)’ға береді. Мұндай жағдайда Али мен Осман бажа болады. Омар, қызы Хафса’ны Мұхаммедке береді. Яғни Омар Мұхаммедтің қайнатасы болып келеді. Мұхаммед жиені, күйеубаласы Али’дің қызын Умму Гүлсім’ді Омар’ға береді. Яғни, Али, Омардың қайынатасы, Фатма болса қайынанасы болып келеді….Омар’дан айрылған Атике’ні Мұхаммедтің жиені Хусейн алады. Мұхаммед мұндай жағдайда, Алиi’дің де Осман’ның(Оспанның) да қайынатасы болады. Али мен Осман бажа болып келеді. Мұхаммед Омар’дың жездесі, Омар болса Мұхаммедтің қайынатасы. Омар, Али’дің күйеубаласы және Али Омар’дың қайынатасы … Али, өзінің қайынатасы болған Мұхаммедтің қайынатасы Омар’дың қайынатасы. Мұхаммед өзінің асыранды баласы ЗЕЙД’тің өгей әкесі. Зейд’тің әйелі Зейнеп болса Мұхаммедтің келіні. Бірақ Зейнеп сонымен бірге ЗЕЙД’тің де өгей анасы болып саналады. (Мұхаммед, кейіннен өзінің асыранды баласы Зейд’тің әйелі Зейнепті тоқалдыққа алуына байланысты). Али, Мұхаммедтің немере інісі және де күйеу баласы…Осыны түсініп көрші» , – деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаға түрлі пікір қалдыран. Бірі бейнежазба авторының ойын қолдаса, екіншісі оған қарсы пікір жазуда.
«Араб сияқты» деген сөз айтылмады. Тек «текті болады» дегенге келтірді. Біріншіден, мынаның қазақ екеніне күмәнім бар. Сөзіне шала, қазақ тілін дұрыс сөйлей алмай тұр. Екіншіден, мынау «нерабоший» сақал, мынау діннің «Д» әрпін де білмейтін біреу. Үшіншіден, дінде өз туысына үйлену шарты жоқ және тыйым да жоқ…», «Арабтың салты мен қазақтың салтын шатастырмауымыз керек. Сосын өгей баласы Зейдке байланысты. Зейд Пайғамбардың туған баласы емес, асырап алған баласы. Оны ұзағынан түсіндіріп отыру керек. Бір коментариймен жаза салатын дүние емес», «Неге әркімге аузына келгенді оттатпай сақалды ма, басқа ма, заңмен жазаланса, сотталса, сосын осындай сөзі үшін түрмеде сұралса, ешкім аузына келгенді оттамас еді», «дін дұшпандары жақсылап тұрып іске кіріскен екен қазақты діннен бездіруге» деп жазды олар.
Ал кейбір желі қолданушылары видеоны парақшасына салғаны үшін кәсіпкердің өзіне қарсы пікір білдіруде.
«Нұрсила, неге толық видеоны жүктемейсің, бұл кісі оған жазған коментарияны оқып отыр және оған айтқан жауабы да бар, неге осы сен ірткі салып жүресің, кісіні сыртынан айыптауға шеберсің», «қай-қайдағы біреулердің (мұсылмандарға кір келтіретін) видеоларын неге тықпалайсыз, сіздің мақсатыңыз не? Шынымен қазаққа жаныңыз ашыса, мына адамды тауып алып өзіне айтсаңыз дұрыс болады», «бұның сөзінің дінге қатысы жоқ,сіздер сияқты өз ойын жеткізіп жатыр» деген пікір білдірген.
Бейнежазбаға 173 пікір жазылып, 17 адам өз парақшасына бөліскен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!