Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақша сөйлемей ме?

05.04.2022

1098 0

Сонау күні терезеден қарасам дала алай-дүлей боран. Атам қара тонын киіп, бетін буынып алыпты.

– Ал құлыным тамағыңды іш те жылы киін. Мен сені балабақшаға апарамын, – деді. Далаға шығуға асықтым. Енді шана теуіп, сырғанап ойнаймын деймін ғой.

Балабақшаның ауласындағы төбеде сырғанақ бар. Шанамды сүйрете бардым. Тәрбиеші Балғын апай: – Ал далаға шығып ойнаңдар, – дегенде далаға асықтым. Алғашқыда суық лек тоңдырып еді, сәлден соң күн жып-жылы боп кетті.

Кешкісін атам екеуміз балабақшадан қайтып келе жатқанбыз. Үйге жақындағанда қарсы алдымыздан кішкентай баланы жетектеген бір апай шыға келді. Жағасын қайырып алған жанындағы балаға атамды нұсқап: – Он дед идет, – деп күбір етті. Түріне қарасам, екеуі де қазаққа ұқсайды. Ыза боп кеттім. Жақындай бере баланың қарсы алдына қойып тұрып алдым да, атамды көрсетіп: – Ол дед емес, менің атам. Ал менің есімім Алмас, – дедім қабағымды түйіп. – Сәлеметсіз бе?! Кешіріңіз, – деді жүзі қызарып кеткен әйел.

– Ата, рахмет, спасибо, – деді кішкентай бала.

Ұзап шыға бере атам мені жерден көтеріп алып:

– Жарайсың, құлыным! Қаны қазақ қой. Тіфә-тіфә, тілім тасқа, – деп жерге түсірді. – Қазақ болған соң қазақша сөйлетпей ме, ол апай, – дедім ашулана…

Шәкен КҮМІСБАЙҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: