Дүйсенбі, 04 қараша, 06:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Полиция басқармасында рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті

03.06.2022

1366 0

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері– Ту, Елтаңба, және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтықтың жарқын көрінісі.


​Бүгін, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы және жеке құрам қызметкерлері айтулы мерекені атап өтті.


​Салтанатты Ант қабылданып, арнаулы атақтарды табыс етіліп, саптық байқау өтті.
​Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы Қызылорда ОПД 31 мамыр 2022 жылығы №204 жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес, «полиция капитаны» «полиция аға лейтенанты» «полиция лейтенанты» атағын қызметкерлерге табыс етті.


​Саптық байқаудың шарықтау шегі қызылордалық полицияның қатарына қосылған жас қызметкерлердің Ант қабылдауы болды. Аға буын әріптестері мен басшылық құрамның алдында бес жас полиция қызметкері Отанға адал қызмет етуге және қызметтің қиындықтарына төзе білуге салтанатты түрде ант берді.


​«Бізде салтанатты түрде өз қатарымызға жас құқық қорғаушыларды қабылдаудың игі дәстүрі қалыптасқан. Біз сіздердің полиция қызметіндегі барлық қиын сыннан сүрінбей, абыроймен атқаруға және артқан сенімді ақтауға; тәлімгерлеріңіздің лайықты ізбасарлары болатындықтарыңызға сенім білдіреміз. Конституция, Ант пен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын ұстаныңыздар», – деп құттықтады сап түзеген жас қызметкерлерді Әбдібек Сламбекұлы.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: