2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізілуде. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі. Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейтудің алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты, – делінген мәліметте.
Комитет алдын алу іс-шаралары заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізілетінін еске салды. Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін әуежайларға алдын ала келуі қажет.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!