Жұма, 06 наурыз, 12:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 102 кәсіпорын 408 жұмыскеріне жалақы бойынша берешек

06.03.2026

57 0

Коллаж: Kazinform

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 354 жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1 мыңнан астам фактісі әшкере болды.

— Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым берілді және 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді, — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2026 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1125 тексеру жүргізді, оның барысында 1228 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында — 1055; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 161; халықты жұмыспен қамту бойынша — 12.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: