Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Марапатталған аналар» мәртебесі кімдерге беріледі?

15.11.2022

1053 0

Қазақстанда «Марапатталған аналар» жаңа мәртебесі енгізілуде. Оған алты және одан да көп бала туып өсірген аналар ие болады. Мұндай мәртебе мемлекеттік жәрдемақыға құқық береді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Еңбек министрлігінің мамандары түсіндіргендей, бүгінде алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар «Күміс алқа» алқасымен марапатталады; жеті бала туып, өсірген аналар «Алтын алқа» алқасын таққанымен, бірдей жәрдемақы алады. Сондықтан әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері сараланатын болады. Осылайша «Алтын алқа» алқасымен марапатталғандарға немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері тапсырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК мөлшеріне дейін өседі. Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының иелеріне «Марапатталған аналар» жаңа мәртебесі беріледі.

 Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауды күшейту тұрғысында кешенді шаралар әзірленді. Мәселен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылады. Оның үстіне бұл шара жұмыс істейтін ата-аналарға да, жұмыс істемейтіндерге де әсер етеді. Бұдан тыс, келесі жылдан бастап, елімізде бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік пакетті монетизациялау енгізіледі. Бұл шара атаулы әлеуметтік көмек алатын 190 мыңдай балаға қатысты болмақ. Монетизация ата-аналарға баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, өнімдерді өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді. Балалы отбасыларды мемлекеттік қолдаудың бұл түрлері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің жобасына қазірдің өзінде енгізілген. Бұл құжат мемлекеттік әлеуметтік саясаттың ортақ іргелі қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын болады. Кодекс азаматтардың өмір бойы оларға кепілдік берілген әлеуметтік құқықтары туралы ақпараттың бірыңғай көзіне айналады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: