Бейсенбі, 19 наурыз, 13:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткіге тексеру енгізілуі мүмкін

19.03.2026

58 0

Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 18 наурызда Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың негізгі жаңашылдықтарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев таныстырды.

«Заң жобасының басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметті сервистік және азаматқа бағдарланған модельге көшіру, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және HR-процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар айқындалған. Олардың қатарында қазақстандық патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік, мінсіз бедел, құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік бар», – деді ол.

Заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген:

  • бір лауазым аясында көлденең мансаптық өсу тетігін енгізу (жалақы жүйесімен байланысты);
  • мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кемінде үш жылда бір рет индексациялау;
  • қызмет бойынша басқа елді мекенге ауысқанда тұрғын үй төлемдерін, көтерме жәрдемақыны және көшу шығындарын өтеу;
  • ротация немесе көшу кезінде қызметкерлердің балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру;
  • жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі;
  • мемлекеттік наградасы бар және кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерге зейнетке шыққанда төрт лауазымдық жалақы көлемінде біржолғы төлем беру;
  • артық жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін өтемақы төлеу кепілдіктері.

«Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты реттеледі: күнделікті жұмыс уақыты – 8 сағатқа дейін; апталық норма – 40 сағаттан аспайды; I және II топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайды; жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналарға және науқас туысын күтетін қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін».Дархан Жазықбаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: