Сәрсенбі, 01 мамыр, 14:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда су тасқынынан қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

18.04.2024

527 0

Фото:  Massaget.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмғанын растады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

БАҚ өкілі Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.

«Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады», – деді министрдің орынбасары.

Журналист «Тасқын судың құрбаны 5 адам деп айта аламыз ба? Әлде бұл дерекке Аягөздегі 2 адам өлімін де қосамыз ба? » деп сұрағын нақтылады.

Марат Қожаев табиғи апаттан жалпы 7 адам қаза тапқанын жеткізді.

«Иә, Аягөздегі (2 адамның өлімін) қосу керек», – деді басшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: