Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін аптап болады

16.07.2021

714 0

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Синоптиктер 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, елдің көп бөлігінде, Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағай соғып, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман түседі.

«Батыста ауа температурасы түнде +17+25 градус, күндіз +28+39 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21 градус болады, күндіз термометрлер +20+36 градусты көрсетеді, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20, күндіз +23 +35, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22, күндіз +29+40 градус болады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: