Сейсенбі, 31 наурыз, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

ҚазМұнайГаз қиын өндірілетін қорлардан мұнайды инновациялық технологиямен алып жатыр

31.03.2026

46 0

Фото: kmg.kz

«ҚазМұнайГаз» қиын өндірілетін қорлардан мұнайды инновациялық технологиялармен алып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Бүгінгі таңда операциялық активтерде мұнайдың алынатын қалдық қоры шамамен 445 млн тоннаны құрайды және оның 50 пайыздан астамы қиын өндірілетін қорларға жатады. Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» қиын өндірілетін қорларды игеруге тарту үшін инновациялық технологияларды енгізуде. Негізгі бағыттардың бірі – полимерлік су айдау технологиясын ауқымды түрде қолдану. Тұтқырлығы жоғары мұнай кеніштерін игеру үшін бу мен суды кезектеп айдау технологиясы енгізілуде, – деді ол.

Сонымен қатар оныің айтуынша, заманауи бұрғылау технологиялары да қолданылып жатыр.

Сағасы 45 градус көлбеу ұңғымалар бұрғылана басталды. Бұл қосымша 2,2 млн тонна өндірілетін қорларды игеруге мүмкіндік берді. Диаметрі шағын ұңғымалар Slim Hole технологиясы қолданылып бұрғыланды. Ол шығындарды 30 пайызға қысқартуға ықпал етті.

-«ҚазМұнайГаз» инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған арнайы Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасын іске асыруда. 2025 жылы осы бағдарлама аясында қосымша 434 мың тонна мұнай өндірілді. Мұнай өндіруді 2040 жылға қарай қосымша 54 млн тоннаға арттыру жоспары ескі кен орындарының өмірін арттырады. Осылайша кен орны төңірегіндегі елді мекендердің әлеуметтік тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, халық жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, қорлардың шамамен 90 пайызын құрайтын 12 негізгі кен орнында цифрлық сыңарлар енгізіле басталды. Цифрлық сыңарлар геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін жыл сайын 3%-ға дейін өсіріп отыруға мүмкіндік береді, – деді Асхат Хасенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: