Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік – басты назарда

16.05.2023

738 0

Бүгін Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облысы филиалының Төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров «Қызылорда» Автобус паркі» мекемесінің жұмыс барысымен танысты. Кездесудің басты мақсаты – елді мекендердің аймақтық стандарттар жүйесін тиімсіз енгізу нәтижесінде облыстық әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының мәселелері. Басқосуға облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағамбетов, қалалық мәслихат депутаты Мақсат Жүсіп, «Қызылорда» Автобус паркі» мекемесінің басшылық құрамы қатысты.
– Қазігі кезде қалада қоғамдық көлік мәселелері күн тәртібінен түспей тұр. Қала тұрғындары үнемі әлеуметтік желі арқылы көтеріп, жергілікті басылымдар жарыса жазуда. Себебі қарапайым халықтың айтар уәжі мен шағымы көп. Мәселен, халық арасында қоғамдық көліктің жүру кестесі мен арақашықтықты сақтамауы, аузы-мұрнына толтырып адам мінгізуі көп талқылануда. Әрине, қоғамдық көліктің сапалы, уақытымен жүруі бәріміз үшін маңызды. Қазіргі кезде аталған мекемеде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Халыққа қызмет көрсету сапасы қандай? Әсіресе, қалаға қарасты ауылдық округтерде қоғамдық көлік мәселесі қалай шешілген? Сонымен қатар, электронды төлемге халықтың көзқарасы қандай? Зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер қарастыру мүмкіндігі бар ма?, – деді Қайрат Шаршыбекұлы.
Кездесу барысында осы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды. Бүгінде қалаішілік жолаушылар тасымалына күнделікті 150 дана автобус қызмет көрсетуде. Қоғамдық көліктердің бағыттардағы қатынау аралықтары 12-15 минутты құрайды.
– Соңғы кезде Қызылорда облысында қоғамдық көлік мәселесі оң шешімін тауып келеді. Мәселен, қазір қалаішілік 19 бағыт, сондай-ақ қосымша жүктелген «Ягодка», «ПМК-29» және «Қарауылтөбе» саяжайы бойынша қызмет көрсетуде. Қызылордалықтарға қоғамдық көлікке электронды төлем жасаудың 8 түрі ұсынылған. Жол көлік ережесін қатаң сақтау және жол көлік оқиғаларына жол бермеу мәселелері серіктестік басшылығының қатаң бақылауында. Біздің басты мақсатымыз – халықтың қауіпсіздігі мен сапалы жұмыс жүйесін қалыптастыру, – деді «Қызылорда» Автобус паркі» мекемесінің басшысы М.Жүсіп.
Бүгінде Сыр өңірінің тұрғындарына 5 мекеме қоғамдық көлік қызметін ұсынады. Оның ішінде біреуі «Қызылорда» Автобус паркі» мекемесі болса, қалғаны жеке кәсіпкерлер. ҚХП ҚОФ Төрағасы Қайрат Ерназаров дөңгелек үстелден кейін «Автобус паркінің» жұмыс барысымен танысты. Атап айтсақ, диспетчерлік бөлімде автобустардың жұмысын бақылады. Сондай-ақ автобустарды жөндейтін цехтің жұмыс барысын көзбен көрді.

Қоғамдық көлік – басты назарда

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: