Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 04:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік жүргізушісі мүмкіндігі шектеулі азаматқа тиісті қызмет көрсетуі тиіс

31.01.2023

682 0

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС жүргізушілеріне жаңадан келген үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау барысында көрсетілетін қызметтер пысықталды.

Серіктестік автобустары мүгедектерге арналған пандус және орындармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азамат өз күшімен автобусқа міне алмаған жағдайда жүргізушінің көмегіне жүгіне алады. Қоғамдық көлік жүргізушісі автобустан шығып пандусты түсіріп аялдамада тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматты автобусқа кіргізуі тиіс. Кейін жолаушыны мүгедектерге арналған арнайы орынға жайғастырып қауіпсіздік белдігін тағуға көмектеседі.

Қазіргі таңда серіктестікке қарасты 12 қалаішілік бағыттарда №1, 11, 14, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29 және «Ягодка» саяжайы бойынша жолаушыларды тасымалдау іске асуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: