Сенбі, 04 мамыр, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қонаевта 18 жастағы қыздың атынан несие рәсімдеп, өзін өлтіріп кеткен

25.03.2024

1460 0

Қонаев қаласында 18 жасар Жаннұр есімді қызды жерлестері өлтіріп кеткен. Бұл туралы марқұмның әпкесі Немолчиkz қорына көмек сұрап жүгінген. Айтуынша, қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі мүмкін.

Оқиға 14-15 наурыз аралығында болған. Марқұм қылмыскерлердің бірімен 2 апта бұрын танысқан екен. Марқұмның телефонын тартып алып, оның атынан несие рәсімдеп, артынша сойылмен аяусыз ұрған. Ал денесін Бақанас жақта далаға тастап кеткен. Туыстарына мәйіттің табылғаны туралы хабар 21 наурызда хабарланған, – дейді Немолчи.kz қоры.

Үлкен әпкесі марқұмның денесін мәйітханаларды іздеп жүріп әрең тапқан. Өйткені оған нақты қай мәйітханаға жеткізілгенін айтпаған. Мәйіттің бетінің сау жері жоқ. Денесі көгерген. Қолында байланғанын білдіретін іздер болған.

Қонаев полициясы күдіктілерді ұстаған. Алайда олардың екеуі ғана ұсталып, қалғаны бостандықта жүрген көрінеді. Марқұмның туыстары қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді. Себебі күдіктілер екі адвокаттан жалдаған. Ал марқұмның мүддесін қорғар ешкім жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: