Жұма, 20 ақпан, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Қоршаған ортаны қорғау: аймақта нәтижелі бақылау мен тазарту жұмыстары ұдайы жүргізілуде

20.02.2026

57 0

Фото: Қызылорда өңірлік коммуникация қызметі

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті өткен жылдың қорытындысымен қоршаған ортаны қорғау саласында 55 субъектіге бақылау шараларын ұйымдастырып, 117 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілерін анықтаған. Ал ғарыштық мониторинг нәтижесімен аймақта 113 рұқсатсыз қалдық орындары анықталып, республикада алғашқылардың бірі болып, қысқа мерзімде қалдықтар орындары 100% жойылды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Алмас Искаков айтты.

-2025 жылы «Таза ауа» іс-шарасы аясында 108 автокөлікке зертханалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аластағыш заттарының белгіленген нормативтерден асуы анықталған автокөлік иелеріне әкімшілік шара көрілді. Бұдан басқа, «Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан – Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының жоспарына» сәйкес Сырдария өзенінің тоқсан сайын 7 нүктеден сынамалар алынып, негізігі ластағыш заттардың нормативтен асу деректері анықталмады. Экологиялық рұқсат берудің заңда белгіленген мерзімі 45 жұмыс күн болса, 2025 жылдың қорытындысымен рұқсат берудің орташа мерзімі 31 жұмыс күнді құрады. Алдын ала сараптама жүргізу кезеңі заңда белгіленген мерзімі 5 жұмыс күннің 3 жұмыс күнін құрады. Департаментпен сараптама жүргізу барысында экологиялық қауіптілігі жоғары объектілер бойынша 3 жобалық құжаттама сарапшылық кеңес отырысымен қаралды. Жалпы, облыс бойынша 2025 жылы берілген шығарындылардың лимиті 47,6мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1500 тоннаға төмен. Айта кететін жайт, 2025 жылдың 5 шілдесінде «Таза Қазақстан» онлайн платформасы және TazaQazBot Телеграм-чат-боты пилоттық режимде жұмысын бастады. Аталған платформа мен чат-бот арқылы тұрғындар коммуналдық мәселелер бойынша өтінімдерін жібере алады,- деді Алмас Ильясұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: