Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қымбаттамаған не қалды?

16.07.2022

1058 0

Кейбір дүкендерде нан 130 теңгеден сатылуда

Бүгінде екі адамның басы қосылса, қымбатшы­лықты сөз етеді. Енді қайтсін, қазіргі күннің басты тақырыбыосы. Базар бағасы да құбылып тұр. Құбылғанда бағасы түссе жақсы ғой, шарықтап бара жатыр. «Баға бақылауда болады» деген жат­танды сөзден халық шаршады. Нәтижесі жоқ. Тіпті нан бағасына дейін өсуде. Бұған қашан шектеу қойылады? Әзірге белгісіз. Атқарушы билік бағаны тұрақтандыруға тырысқанмен, баға ырыққа көнбей тұр.

Бағаны кім бақылайды?

Осы сұрақ көптің көкейінде екені рас. Біз де жауап іздеп көрдік. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабарластық. Жауапты тез берді. Бірақ берген жауабына көңіл толмады. Әдеттегідей. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, аймақтың табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты азықтық астық біздің өңірде өндірілмейді. Ұнның көп бөлігі еліміздің солтүстік өңірлерінен жеткізіледі. Ал ұн бағасының шектен тыс өсуі бидай бағасының жоғарылауы мен техника құнының өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға қымбаттауынан туындап отыр. Дегенмен бағаны тұрақтандыруға байланысты тиісті шаралар қолға алынған. Мәселен, «Азық-түлік» келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ның астық ресурстары арқылы 14317 тонна астық  бөлініп, бүгінгі күні астықтың 9971,1 тоннасы сатып алынған. Бұл көлемнен облысқа 3134,6 тонна ұн жеткізілді. Бүгінгі таңда облысқа ұн өндіруші кәсіпорын ретінде танылған жеткізушімен  «Royal» түріндегі 1-ші сортты бидай ұны «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-нан  ірі 19 наубайханаға таратылып, облыс дүкендерінде нан 80-85 теңгеден аспайтын бағада халыққа ұсынылуда.

Басқарма берген ақпарда нан бағасы 80-85 теңгеден. Ал халық бөлке нанды 100 теңгеден жоғары бағада сатылып жатқанын айтуда.

Нанды неге жаппайсыз?

Байқаймыз дүкендерде бөлке нанға сұ­раныс жоғары. Осындайда «әйелдер нанды қолдан пісірмей ме?» деген сауал туындайды.   Өз қолымен нанды пісіріп жесе әрі тойымды әрі ақшаны аз жұмсайды ғой. Есептеп көрдік, шамамен шағын отбасы бір айда 25 келілік 1-сортты ұнды тұтынады дейік. Ұнның орташа бағасы – 6500 теңге. Ал күніне сол отбасы 4 бөлке нан сатып алса, күніне 400 теңге, сонда айына 12000 теңге жұмсалады. Демек, нанды қолдан жапқан тиімді. Қаланың әйелдері ғана емес, бүгінде ауыл келіндері де нан жабудан қашады. Күнде жұмыстан қайтқанда дүкеннен нан алып жатқанын көремін. Ұялмай сұраймын. «Нанды неге үйден пісірмейсіздер?» Бәрінің жауабы бір. «Үй ысып кетеді. Нанды ешкім жемейді». Меніңше жәй сылтау секілді. Әйтпесе ыстық таба нанға не жетсін. Бірақ дүкенге барсаңыз, нан мен тоқаштың түр-түрін кездестіресіз. Дүкендегі бөлке нанның сапасына да кейде көңіл толмайды. Тіпті бөлке нанның қиқымы көп шашылады. Кейде «нанның қадіріне жете алмағаннан қымбатшылық болып жатыр ма екен?» деген ой келеді. Ал дүкендегі нанды сатып алушылар тығыздығы мен тойымдылығы жөнінде түрлі пікір айтады.

– Таба нанның орны бөлек. Өз қолыңмен әзірлеген соң тойымды әрі сіңімді болады. Келіндер дүкеннен бөлке нан сатып әкеледі. Кейде нанның арасы шикі, іші түйдек-түйдек болып жүретіні жасырын емес. Бөлке нанды турағанда қиқымы да көп түседі. Ал тандыр нан бір күн тұрса тастай болып қатып қалады. Бөлке нан тез ашып кетеді. Сосын оны тастай­ды. Обал, ысырап дегенді ұмыттық. Одан сол нанды керегінше жауып жесе тиімді ғой, – дейді Бесарық ауылының тұрғыны Үміткүл Сыздықбаева.

«15-20 теңге. Сондағы нанның қымтаттауы осы ғана ғой» деуіңіз мүмкін. Бірақ бұл баға көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар үшін қиын. Мәселен, алты баласы бар үйлер нан жапқанның өзінде 4 таба нан жейді. Ал сатып алса шақ келмесе анық. Сонда айына 1-сорттық ұнның бір қабын жаратып отыр. Ал сатып алса, екі есеге түседі.

– Нан бағасы 50-60 теңге болған кездерді сағындық қой. Қазіргі баға қалтаға әжептеуір салмақ салады. Ауылда бөлке нан 110 теңге. Күннен күнге қымбаттап жатыр. Қарапайым халықтың жағдайына кері әсер етуде. Бұл бағаны төмендетудің жолы жоқ па? – дейді Гүлнәр Ермағанбетова есімді көпбалалы ана.

Бөлке нанның салмағы қанша?

Біз күнде алып жүрген бөлке нанның сал­мағы қанша?  Талапқа сай ма?  Бізді осы сұ­рақта қызықтырды.  Ақмарал Алибаеваның нау­­байхана ісімен  айналысқанына бір жылдан аса уақыт өтіпті. Бөлке нанға сұраныс жоғары дейді. 

– Нанның сапасын бақылауда ұстаймыз. Себебі сапа нашар болса сұраныс азаюы мүмкін. Халықтың қалтасын да ойлау қажет. Негізі стандарт бойынша бір бөлке нанның салмағы 500 грамм болуы қажет. Дегенмен осы уақытта ұнның қымбат келуіне байланысты 450 грамм болып тұр. Біз де жұмысшылардың айлығын басқа да қосымша шығындарды өтеу керекпіз. Бөлке нан әлеуметтік дүкендерге 55 теңгеден, жеке дүкендерге 75 теңгеден беріледі. Күніне 2500 бөлке нан пісіреміз. Тапсырыс көп келеді. Алайда менің техни­калық жабдықтарым сәйкес келмей тұр. Ал­дағы уақытта күніне сұранысқа сай 5000 бөлке нан пісіруді жоспарлап отырмын, – дейді наубайханашы Ақмарал Алибаева.

Қарап отырсақ салмағы да аз бөлке нан халықты шығынға ұшыратып отыр екен. Ақи­қатына келгенде «нан қымбат» дегеннен гөрі, нанды өзі жауып ақшаны үнемдеу жағында үйренген дұрыс секілді.

Түйін. Нан қымбаттап, баға сан мәрте құбыл­ғанымен халық дүкен сөрелеріндегі бағаға тәуелді. Дегенмен, халық жиі тұтына­тын ұн, нан, макарон өнімдері, ет, сүт, көкөніс­тердің бағасы қолжетімді болғанға не жетсін?! Қымбатшылықты жазғанмен, бағасын түсіруге шама келмей тұр. Нан жемесек тағы күн көре алмаймыз.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: