Сенбі, 27 сәуiр, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Қызылорда – достық мекені» Мерекелік концерті өтті

22.09.2023

398 0

Достық үйінде қала күніне орай «ҚЫЗЫЛОРДА – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ» этномәдени бірлестіктер мен қала қонақтарының мерекелік концерті өтті.

Мерекелік концертке Славяне, Татар, Шешен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және кеш қонақтары, «Гармония» дуэті Любовь Овчинникова мен композитор Виктор Овчинников қатысты.

Шараның басты мақсаты – қала күні мерекесін ауқымды және мазмұнды түрде атап өту. Ел бірлігін, достық пен ізгі қарым-қатынасты нығайту. Студенттерді, оқушыларды ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көпұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азаматы болуға тәрбиелеу.

Мерекелік кештің алғы сөзінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы бірлікті, келісім мен тұрақтылықтың мемлекеттің дамуын қамтамасыз етудегі маңызы мен рөлін атап өтті. Шараға келген өнерпаздар мен қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, «Гармония» дуэті өкілдеріне Достық үйі атынан Алғыс хат пен сыйлыққа кітап табыстады.

Этностардың концерті барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Мұндай шаралар бейбітшілік, бірлік пен келісім – Тәуелсіздіктің басты қазынасы екенін тағы да растайды.

Достық үйінің концерт залында өңірдегі славян, татар, шешен этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздары мен «Гармония» дуэті ән айтып, би билеп, жиылған қауымның көңілін көтеріп, ықылас, қошеметіне бөленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: