Жұма, 21 қаңтар, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1810)
18.01.2022
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының Полиция департаменті Рәміздер күнін атап өтті

04.06.2021

450 0

4 маусым  – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер қазақ елінің қасиетті құндылықтары.

Рәміздер күніне орай, бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері сақтық шараларын сақтай отырып сапқа тұрып, Қазақстанның Әнұранын шырқады.

Содан соң жас қызметкерлер Қызылорда қалалық музейіне барды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ибраев Дәурен Алпысбайұлы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, «Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.  Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. 

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!» деген тілегін білдіреді.

  Қызылордаоблысы Полиция департаментініңбаспасөзқызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: