Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада азық-түлік қоры жеткілікті

31.03.2022

1416 0

Соңғы күндері елімізде қант өнімдерін жаппай сатып алу жағдайы орын алған болатын. Осыған байланысты, әлеуметтік желілердегі түрлі ақпараттар мен жасанды дүрбелең қант сұранысының артуына және жеке сатушылар тарапынан алыпсатарлықтың көбеюіне әкелді.

Аталған жағдайға байланысты облыстық прокуратура мен Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы қант бағасының өсуіне, алыпсатарлыққа жол берген нарық субъектілеріне қатысты арнайы бақылау жұмыстарын жүргізіп, заңға сәйкес шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мәлімдеді.

Сондай-ақ, бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схемасы бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында заем беру арқылы шаралар қабылдануда. Облыста бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда қорда 1 441 тонна өнім бар. Ал «айналым схемасы» бойынша берілген 1 млрд. 143 млн. теңгеге 21 кәсіпкерлік субъектілеріне заем берілді.

«Сонымен қатар, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан төмен бағада ұсыну үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Өткен жылы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен – 370 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері төмен бағамен сатылып келді. Баса назар аудару керек, біздің облыстың сауда орындарында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ, бұл мәселе тұрақты бақылауда тұр», – деді Қ.Нұртай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: