«ӨНЕРІМ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Бүгін Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар балалар арасында «Өнерім саған, Қазақстан!» атты фестиваль өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, бүлдіршіндерді Балалар күнімен құттықтады. Фестивальде қала және барлық аудандардан келген 60-тан астам жеткіншек өз өнерлерін ортаға салып, өзара бақ сынасты.
Мерекелік шара соңында барлық қатысушыларға жүлделі орындар мен белсене қатысқаны үшін диплом, алғыс хат және арнайы сыйлықтар берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!