Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жер дауы шешілер емес

25.04.2022

1118 0

Жері бөліске салынып жатқан шаруа қожалығында 118 ауыл тұрғынының пай үлесі бар екен. Соның 93-і бөлініп шығуға ниетті. Оған себеп – жыл сайын 500 гектардай жерге күріш егілгенмен, үлескерлерге еш пайда болмауы, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жұрт үлескерлерге пайын беріп жатыр. Күрішін береді шамасы келсе, шөбін береді. Бұнда ондай жағдай жоқ. Тек бір-екі рет 10 келіден берді, былтыр осындай қысым болғаннан кейін 25 келіден ғана таратты. Ал енді бізде бәрімізде де мал бар. Жер біздікі. Мал баққаннан кейін шөп керек, жем керек. Ал енді сол шөпті-жемді біз кәдімгі сырттан қымбат бағамен сатып аламыз», – дейді жер үлескері Өтеген Нәлібаев.

«Кезінде бұл жерлер ешкімге керексіз болып жатқан еді. Соры шығып, әбден тозған. Оны қалпына келтіру үшін біраз шығындандық. Осы жерді 8 жыл дегенде зорға ашып болдым жидесін, тоғайын бәрін. Техникаларын лизингке алған едім. Барлық каналдарын қазып жатырмыз. Енді былтыр болған кезде 2021 жылы осы кісілер біз үлескерміз деп шықты. Мен оған дейін үлескер екенін білмедім», -дейді шаруа қожалығының төрағасы Аятжан Есжанов.

Егіндік жер төңірегіндегі тартыс өткен жылдан бері жалғасып келе жатыр. Бірер күн бұрын айтулы мәселе аудандық сотта қаралып, 93 үлескердің жері бөлінетін болған.

«Аудандық сот шешім шығарды. Аудандық сот аудан әкімінің қаулысының қабылдануына негіз болған хаттаманы күшінде қалдырып отыр. Шаруа қожалығының бөлінгені заңды деп танылып отыр», – дейді Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Меңлібеков.

Егін науқаны басталып кетті. Ал тараптар жерді бөліске салып жатыр. Дегенмен жаңатұрмыстықтар биыл егінсіз қалмайды,-дейді ауыл әкімі.

«Байсын» шаруа қожалығының инвестордың алдындағы біраз қарыздары бар. Бөлініп шыққан «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығы осы қарыздарды өтеу мақсатында екі жақ келісім шартпен беріп отыр. Бұл жерде тұрғындардың ең бірінші талабы – дивидент мәселесі. Шаруа қожалығы тарапынан үлескерлердің талаптарын орындаған жағдайда екі жылдан әрі қарай да созуға мүмкіншілігі бар. Қазір екі тарап та бір-бірімен қол алысып, әрі қарай егін науқаны қазір басталып кетті», – дейді Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Балдәурен Шәкіртаев.

Шаруа қожалығындағы егіндік жер көлемі 1071 гектарды құрайды екен. Оның 70 %-і бөлініп шыққан үлескерлердің еншісінде қалатын болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: