Түрмедегі еңбек дағдысы – табысты болашақ кепілі. Осы мақсатта Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында 18 кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі өз жұмысын ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап отырған брусчатка өндіретін ЖШС «Сұлтан» кәсіпорны. Бұл кәсіпорын 6 сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Мемлекетке, жеке тұлғаларға өтемақылары бар сотталғандар осы кәсіпорында еңбек ету арқылы айлық табысынан қарыздарын өтеуде.
- Сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Мекеменің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаламыздағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізілді. Жеке кәсіпкерлерді өз кәсібін дамыту мақсатында мекемемізге шақырамыз», – деді өз сөзінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Бағлан Қалиев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!