Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалықтар банктерге 362 млрд 500 млн теңге қарыз

03.02.2022

1286 0

Қазақстан халқының банктер алдындағы берешегі жыл санап, тіпті күн санап артып отыр десек те болады. Сіз бен біз секілді бір айлыққа күні қарап отырған жандардың барлық қарызын қосқанда триллиондаған сома шығады. Көпшілік баспана алса да, баласын үйлендірсе де, тіпті үйіне бір мүлік алса да банктің көмегіне жүгінетін болды.


Шынтуайтында, ел халқы банктерге қанша қарыз? Оның ішінде біз тұратын Қызылорда жұрты ше? Біз анық-қанығын білу мақсатында Ұлттық банктің Қызылордадағы филиалына хабарластық. Ұлттық банктің Қызылорда филиалындағы баспасөз қызметі біздің сұрауымыз бойынша мәлімет әзірлепті.


Мамандар әзірлеген ақпаратта алдымен республика бойынша мәлімет келтірілген. Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бойынша қарыз 2021 жылдың 1 желтоқсан деңгейіне 17 838,2 млрд теңгені құраған. Оның ішінде заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 7 497,1 млрд теңге болса, жеке тұлғалар 10 341,1 млрд теңге көлемінде несие алған. Тарқатып айтқанда халықтың несиесі 10 трлн 341 млрд 100 млн теңге болып тұр. Бұл – республика бойынша көрсеткіш.
Енді Сыр өңіріндегі халықтың банктер алдындағы берешегіне тоқталайық. Қызылорда облысы бойынша 2021 жылдың 1 желтоқсан деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі бойынша қарыз 362,5 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемі 36,%-ға артып, 304,6 млрд теңгені құрап отыр. Ал заңды тұлғалардың несиелері 9,4%-ға азайып, 58,3 млрд теңгеге жеткен. Жеке тұлғаларға берілген несие – сіз бен бізге, яғни жекелеген тұрғындарға берілген несие. Ұлттық банктің Қызылорда филиалы берген мәліметке сүйенсек, жеке тұлғалар алған несие көлемі 304,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл дегенің 304 млрд 600 млн теңге.


Дәл қазір несие мәселесі ушығып тұр. Қарапайым халықтың алған несиесінің көбейгені сонша, тіпті тапқан табысы отбасын асырауға жетпейтін хәлге түскен. Айлығы шайлығына жетпейтін жұрттың соңғы кездегі уайымы да осы мәселемен тікелей байланысты. Өйткені көпшілік айлықтан айлыққа әрең жеткенде табысының басым бөлігін банкке беруге мәжбүр.


Әзиз ЖҰМАДІЛДӘҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: