Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Референдум: Қызылордадағы 109 Call орталығына 1000-ға жуық қоңырау түскен

02.10.2024

341 0

Республикалық референдумға 4 күн қалды.Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.

https://referendum.orda.gov.kz/kkсайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.

Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған. 

Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграмhttps://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.

– Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда. 2 ауысыммен жұмыс істейтін 24 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты,-дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.

Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласындағы5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады. Олардың да тізімі аталған сайтқа енгізілген.

№198 РУ – №5 мектеп-лицей

№250 РУ – №261 орта мектеп

№189 РУ – №136 мектеп-лицей

№264 РУ – №264 мектеп-лицей

№347 РУ – №271 орта мектеп Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі бар. Мұнда 492 380 азамат дауыс беруге құқылы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: