Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңбыр соңы қарға ұласады: «Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

23.09.2022

739 0

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, елде жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. 26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болжанады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Ал оңтүстік-шығыс аймақтарда тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында 22-33-тен 9-22 градусқа дейін, солтүстік-батыста 25-32-ден 10-23 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте 23-30-дан 5-20 градусқа дейін, орталықта 22-32-ден 20-28 градусқа дейін, Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25 градусқа дейін төмендеуі болжанады. Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус шамасында сақталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: