Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Референдум учаскесінде суретке түсіруге бола ма

13.03.2026

45 0

фото: ашық дереккөзден

Орталық референдум комиссиясы дауыс беру күні сайлау учаскелерінде фото және бейнетүсірілім жүргізуге кімдерге рұқсат етілетінін түсіндірді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Комиссияның мәліметінше, учаскелерде фото-бейнетүсірілім жасауға тек бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ғана рұқсат беріледі.

Бұл ретте олар дауыс беру құпиясын сақтауға, азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, дауыс беру процесіне және комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі келтірмеуге міндетті.

Сондай-ақ түсірілім жүргізу кезінде азаматтың бейнесін пайдалануға қатысты құқықтары сақталуы тиіс.

Еске салсақ, референдумды бақылауға 10 халықаралық ұйымнан және 27 шет мемлекеттің орталық сайлау комиссияларынан барлығы 336 халықаралық бақылаушы қатысады деп жоспарланып отыр.

Қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес, референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: