Жұма, 27 желтоқсан, 08:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей қоймаларынан көп мөлшерде су келіп жатыр. БҚО әкімі үндеу жасады

07.04.2024

1108 0

Сурет:el.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай бойынша өңір тұрғындарына үндеу жолдады. Аймақ басшысының айтуынша, Ресейдегі су қоймаларынан көп мөлшерде су жіберілуде, деп хабарлайды, El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта өңірде су тасқыны қаупі әлі де сейілмегенін атап өтті. Тасқын судың салдарынан өңірдің 5 ауданында және Орал қаласында бірнеше тұрғын үйлерді су басты. Бұдан бөлек Орал қаласы маңындағы саяжайларға да су кірген.

Жалпы облыс бойынша 7 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 3 мыңнан астамы балалар.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, эвакуациялық пункттерде қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендерге мыңдаған еріктілер көмек көрсетуде. Тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешектер жеткізіліп жатыр. Кезекшіліктер ұйымдастырылып, оқушы балаларға оқу процестері онлайн форматта өтуде. 

Облысымызға жақын Ресейдің Саратов және Орынбор облыстарындағы су қоймаларынан көп мөлшерде су жіберілуде. Бұл 30 жыл бұрын болған жағдайдан да күрделі. Атап айтқанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 431 текшеметр су түсуде. Қазіргі уақытта су тасқының екінші кезеңі басталды. Өздеріңізге белгілі, кеше Ресейдің Орск қаласында дамба бұзылып, елді мекендер мен тұрғын үйлер зардап шекті. Бұл біздің облысқа да қауіп төндіруі мүмкін. Өйткені, Орынбордың Ириклинск су қоймасынан секундына 2170 текшеметр су жіберілуде. Бұл сулар жақын уақытта облысымыздың Жайық өзені арқылы өтіп, Каспийге бет алады. Қазіргі уақытта Жайықтағы су деңгейі 7 метрге жуық көтерілді. Бұл қауіпті мөлшерге жақындай түсті. Осылайша, өзен суы арнасынан тасып, Оралдағы 1-ші, 2-ші, 3-ші саяжайларға су кіріп жатыр. Сондықтан қала тұрғындарының түсіністік танытуларын сұраймыз»,-деді Нариман Төреғалиев.

Аймақ басшысының айтуынша, Ресейдің Илек ауданынының тұсында өзен суларының қауіпті деңгейі 890 см болса қазіргі уақытта 855 смге жеткен.1, 2, 3 саяжай тұрғындары қала әкімдігі бекіткен эвакуациялық пункттерге немесе өздері қалаған қауіпсіз жерлерге көшулері тиіс.

Біз су тасқыны басталғаннан бері тасқынның алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтілген режимде атқарудамыз. Қалаға жақын Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты оның іргесін бекітіп, қапшықтармен құм төсеп және т.б сақтық шараларын іске асырып жатырмыз. Осындай қиын уақытта облыс жұртшылығы табиғи апаттан зардап шеккен жерлестерімізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ауызбіршіліктерін танытуда. Қазіргі су тасқыны болған елді мекен тұрғындарына өңір кәсіпкерлері, қоғамдық бірлестіктер, бюджеттік мекемелер, еріктілер және қарапайым облыс тұрғындары қол ұшын созуда. Төтенше жағдай, коммуналдық қызмет, күштік құрылымдар мамандары мен еріктілерге, сондай-ақ, жерлестеріме көмектері үшін зор алғысымды білдіремін! Осынау қиын кезеңде сабырлық сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсетуді жалғастырайық! Сондай-ақ, су тасқыны бойынша қалыптасқан жағдай бойынша барша тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймын!-деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: